Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының жобасын әзірлеу
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын әзірлеу
«Қазақстан - 2030» стратегиясын іске асырудың бірінші он жылдығы ішінде әлемдегі ішкі және сыртқы жағдайдың өзгеруі елдің жаңа даму кезеңіне және қазіргі заманғы экономикалық және саяси нақтылықтарға бейімделген мемлекеттік саясаттың жаңа әдістемесі мен бағыттарын уақытылы әзірлеуді қажет етеді.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарын іске асырудың бірінші кезеңі аяқталуына байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының 2020жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын әзірлеуді тапсырды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 7 қазандағы № 250-ө өкімімен Қазақстан Республикасының 2020жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын әзірлеу жөнінде жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобының құрамына Президент Әкімшілігінің, Парламенттің және Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, Астана және Алматы қалаларының, Ақтөбе облысының әкімдері және мемлекеттік органдардың басшылары енді.
Жұмыс тобының отырысы шеңберінде 2010 жылға дейінгі даму жоспарының іске асырылуы қорытындыланды, соңғы жылдары жүргізілген реформалардың нәтижелері бағаланды, мемлекеттік жопарлаудың жаңа үлгісі мен әкімшілік реформадағы 2020 жылға дейінгі даму жоспарының орны мен рөлі айқындалды.
2009 жылғы 5 наурыз бен 30 сәуір аралығында мемлекеттік органдардың басшылары мен облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тыңдалынатын болады, яғни тиісті саланың (сфераның), аймақтың ағымдағы жағдайы қорытындыланады, тиісті саланың (сфераның), аймақтың дамуына әсер ететін негізгі үрдістері айқындалады, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық бағыттары мен мақсаттары бойынша нақты ұсыныстары әзірленеді.


















