Баспасөз қызметі


Авторландыру


 
Логин:
Пароль:

Тіркеу
Парольды ұмыттыңыз ба?
 



Баспасөз хабарламасы



 2010 жылдың 5 ақпанында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтің қатысуымен кеңейтілген алқа мәжілісі өткізілді.

Отырыста «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2009 жылғы жұмысының нәтижелері мен 2010 жылға арналған міндеттері туралы» мәселелер қаралды.

Отырыста Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады.

Ол алдын-ала бағалау бойынша 2009 жылдағы Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 1,1 пайызды құрағанын, негізгі капиталға инвестициялардың ағыны өткен жылы 2,1 пайызға өскенін хабарлады. Осымен бірге, өңірлік бөліністе Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында айтарлықтай өсім байқалып отыр, ал Маңғыстау облысында, Алматы және Астана қалаларында

Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандыру бойынша жүргізілген шаралар кешенінің нәтижесінде инфляциялық үрдістерді біршама төмендетуге мүмкіндік туды. Осылайша, 2009 жылдың соңында инфляция 6,2 пайызды құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3,3 пайыздық тармаққа  төмен. Орташа алғанда өткен жылы инфляцияның төмендеу 9,7 пайыздық тармақты құрады.

Министр өз баяндамасында Министрліктің 2009 жылдағы стратегиялық жоспарының мақсатты көрсеткіштерінің орындалуына тоқталып өтті.

«Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алдына Стратегиялық жоспарға сәйкес: экономиканың сапалы әрі тұрақты өсуін қамтамасыз ету; мемлекеттік жоспарлау жүйесін реформалау; мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсаттары қойылды. 2009 жылға белгіленген мақсатты индикаторлардың барлығы дерлік орындалды», - деп хабарлады Бақыт Сұлтанов.

Осымен бірге Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов Премьер-Министрді 2010  жылы ведомствоның алдында тұрған негізгі міндеттер туралы хабардар етті.

«Бүгінгі негізгі міндет – ол ұзақмерзімді перспективвада «2020 жылға дейінгі даму Стратегиясын» іске асыру және ортамерзімді уақытта Үдемелі индустриалық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру» - деді Министр. Ведомствоның негізгі қызметі аталмыш бағдарламаларды қамтамасыз етуге бағытталатын болатынын атап өтті.

Жақын арадағы перспективада Министрлік өзі үшін жұмыс бағытының  2 негізгі блогын анықтады.

Алғашқы блок. Жүйелі шараларды шешу. Оның ішінде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік жоспарды, Индустриаландыру картасын және Өндірістік қуаттарды ұтымды орналастыру схемасын бекіту; жаңа Ұлттық қор тұжырымдамасын әзірлеу; Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын әзірлеу және т.б. Сонымен қатар салық, кеден және бюджет заңнамасын жетілдіру жұмыстарын жалғастыру және ұлттық холдингтер мен компанияларда жоспарлаудың жаңа принциптерін енгізу.

Екінші блок Министрліктің шұғыл міндеттерін шешуге бағытталған. Олардың ішінде – Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауын іске асыру мақсатында 2010-2012 жылдарға арналған бюджетті нақтылау.

«Осы жылы министрлік елдегі іскерлік белсенділікті қолдауға бағытталған жұмысты жалғастырады» - делінген Министрдің баяндамасында. Ол сонымен қатар алғашқы жартыжылдықта министрлік Парламентке бақылау жұмыстары мен рұқсат беру жүйесін ретке келтіру бойынша, ал жыл соңына дейін тексерулер бойынша барлық нормативтік актілерді заңнама деңгейіне дейін көтеру жоспарлап отырғанын хабарлады.

Ағымдағы жылы министрліктің болжамдық-сараптамалық бағыты күшейтіледі.

Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру үшін мемлекеттік органдардың соңғы нәтижелерге жетуге бағытталған қызметін бағалау институты енгізіледі.

«Бұдан басқа, біздің пікірімізше, құрылымдарды ұйымдастыруды,  мемлекеттік органдардағы штаттық лимиттерді оңтайлы бөлуді және мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет.»

Алқа отырысында осымен бірге «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының 2009 жылғы қызметі туралы және 2010 жылға арналған жұмысының негізгі бағыттары туралы» «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы президентінің міндетін атқарушы Жамиля Бопиева және «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның 2009 жылғы жұмысының қорытындылары және 2010 жылға арналған жұмысының жоспары» бойынша «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Болат Смағұлов баяндама жасады.  

Спикерлердің баяндамаларымен біздің сайтта «Баспасөз қызметі» бөлімінің «Баяндамалар, сөз сөйлеулер» бөлімшесінен таныса аласыздар. 

 

Экономика және бюджеттік  

жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі 

743489 

742871 



Назад в раздел