Баспасөз қызметі


Авторландыру


 
Логин:
Пароль:

Тіркеу
Парольды ұмыттыңыз ба?
 



Қазақстан Республикасының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы



Баспасөз релизі 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы 

 

Алдын ала бағалау бойынша 2009 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 1,1 процентті құрады.  

Өнеркәсіп өнімін өндіруі 2009 жылда 2008 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға өсті. Тау-кен өнеркәсібінің өсу қарқыны бері 106,1 %-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 2008 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 95,5 %-ды құрады. 

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 13,8%-ға өсті. Өсімдік шаруашылығы саласында нақты көлем индексі 123,1%-ды, мал шаруашылығында – 102,3%-ды құрады. 

Кеден статистикасының мәліметтері бойынша 2009 жылғы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 71,6 млрд. АҚШ долл.құрап, 2008 жылмен салыстырғанда 34,4%-ға азайды, соның ішінде экспорт – 43,2 млрд. АҚШ долл. (39,3%-ға төмендеді), импорт – 28,4 млрд. АҚШ долл. (25,0%-ға төмендеді). Сауда теңгерімінің оңтайлы сальдосы 14,8 млрд. долл. құрады.  

2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда негiзгі капиталға салынған инвестициялардың көлемi 2008 жылғы қаңтар- желтоқсанмен салыстырғанда 2,1 %-ға көп.  

2009 жылда елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қосқанда (24,4 млрд. АҚШ долл.) 1,9%-ға 47,6 млрд. АҚШ долл. дейін өсті. Ұлттық қордың ұлттық валютадағы активтері 2009 жылғы желтоқсан аяғында 750 млрд. теңгені құрады. 

ҚР Ұлттық Банкі мәліметтері бойынша экономика салаларына салған екінші деңгейлі банктердін кредиттері 2010 жылдың 1 қаңтарға 7644,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың 1 қаңтармен салыстырғанда 2,5%-ға көп. Ұлттық валютадағы кредиттер 5,2%-ға азайды және 3944,3 млрд. теңгені құрады, ал шетел валютасындағы кредиттер 12,1%-ға өсіп 3298,2 млрд. теңгені құрады.  

Банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда 19,7%-ға  6473 млрд. теңгеге дейін артты. Заңды тұлғалардың депозиттері 16,3%-ға 4579,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, жеке тұлғалардың депозиттері 28,5%-ға 1893,1 млрд. теңгеге дейін өсті. Ұлттық валютадағы депозиттер 4,3%-ға 3644,7 млрд. теңгеге дейін өсті. Шетел валютасындағы депозиттер 47,6%-ға 2828,3 млрд. теңгеге дейін өсті. 

2009 жылда теңгенің ресми айырбастау бағамы бір доллар үшін 147,5 теңгені құрады. Жыл басынан бері теңге номиналдық көрсеткіште АҚШ долларына қатысты 22,9%-ға әлсіреді. 

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2009 жылда 6,2% (2008 жылда 9,5%) деңгейде қалыптасты. 

2009 жылғы қаңтар-қазанда орташа жан басына шаққанда ақшалай табыс 375489 теңгені құрады, 2008 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 12,4%-ға, нақты мәнде – 4,6%-ға өсті. 

Бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 2009 жылғы 11 айда 65868 теңгені құрады, бұл 2008 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 10,3,0%-ға, нақты мәнде – 2,7%-ға өсті. 

2009 жылғы желтоқсанда жұмыссыздық деңгейі 6,3%-ды құрады (2008 жылғы желтоқсанда – 6,7%).  



Назад в раздел