Баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 195 қаулысымен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі лауазымына Тимур Мекешұлы Жақсылықов тағайындалды. Осы қаулымен Сүлейменов Тимур Мұратұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты вице-министр қызметінен босатылды. Бүгін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Қ.Н. Келімбетовтің қатысуымен, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ұлттық компаниялардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Өз сөзінде Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметтің алдына бірқатар нақты міндеттер қойылғандығын атап өтті. Онда әлеуметтік мәселелерге негізгі басымдық берілген. Бүгін елордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сатып алуларда орын алатын кемшіліктерді сынға алды. «Қазақстанда «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы сәтті іске асуда. Қазақстандықтардың басым бөлігі оның тиімділігіне көз жеткізді. Үкіметке жаңадан кәсіп ашып, өз ісіне инновация енгізіп жүрген жас кәсіпкерлерді қолдауға қатысты «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына өзгертулер енгізуді тапсырамын», - деді Н. Назарбаев. Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселесіне кеңінен тоқталған Мемлекет басшысының пайымынша, бұл мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты халықтың сенімін күшейтудегі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы маңызды аспект болып табылады. «Мемлекеттік қызметшілердің кірістерін ғана емес, шығыстарын да декларациялау қажет, осы мәселе бойынша заң қабылдауды ұсынамын, үкіметке үш айлық мерзімде осы тәжірибені игеруді тапсырамын», - деді Назарбаев, Астанада Қазақстан Парламенті палаталарының біріккен отырысында халыққа жолдауында. "2012 жылы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөздер аяқталуы тиіс ", - деді Назарбаев, Астанада Қазақстан Парламенті палаталарының біріккен отырысында халыққа жолдауында. Елбасы Үкімет пен әкімдерге биылдан бастап еңбекпен қамту бағдарламасын ауқымды іске асыруды тапсырды. Елімізде лицензиялар мен рұқсат берудің барлық түрі тағы 30 пайызға қысқарады. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламентінің бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті. Іске асырылатын жобаларды қадағалайтын комиссия құру тапсырылды. Мемлекет басшысының 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 230 Жарлығымен Сағынтаев Б.Ә. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалды. Бұрынғы Министр Қ. Келімбетов Вице-премьер лауазымына тағайындалды. Ұсынылған заң жобасы мемлекеттік монополия қызметі саласындағы заңнаманы жүйелендіруге, мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін бірегейлендіруге және ашықтығына, меммонополия субъектілеріне бағаларды реттеуге, экономиканы монополияландыру үдерісін төмендетуге, нақты бәсекені дамыту мен мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге бағытталған. «Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы және 2012 жылғы 4 қаңтардағы кеңес хаттамаларындағы тапсырмаларына сәйкес қабылданды. World Future Energy Summit (WFES) дүниежүзілік саммиті 2012 жылдың 16-19 қаңтары аралығында БАӘ астанасы Абу-Даби қаласында халықаралық энергетика апталығы шеңберінде өткізіледі. Саммиттің ұйымдастырушылары оны болашақтың тұғырнамасы деп атайды, себебі осында болашақ электр энергиясын өндіру мен тиімді пайдалану мәселелері талқыланады. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатында «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заң жобасы жаңа редакцияда және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы қабылданды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында екі оқылымда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту және бюджеттік рәсімдердің тиімділігін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. 2012 жылдың 11 қаңтарынан бастап 10 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) қолдауымен EXPOxEXPOS «Жиһангер көрмесін» өткізеді. Көрменің мақсаты қазақстандықтарды EXPО-нің даму тарихы жайлы хабардар ету, сонымен қатар ХКБ-нің мүше елдері арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастық қарым-қатынастарын кеңейту болып отыр. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушы М.А. Құсайыновтың 2011 жылғы 8 қарашадағы № 354 бұйрығымен Мемлекеттік қызметтердің тізілімін әзірлеу, жүргізу және мониторингілеу қағидасы бекітілді (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 29 қарашадағы № 7320 тіркелген). Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушы М.А. Құсайыновтың 2011 жылғы 8 қарашадағы № 353 бұйрығымен Мемлекеттік қызметтің өзіндік құнын есептеу қағидасы бекітілді (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылғы 29 қарашадағы № 7319 тіркелген). Қаулы Қазақстан Республикасының «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» 2011 жылғы 20 қазандағы № 485-IV заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес әзірленді. Бүгін Экономикалық даму және сауда Министірлігі елдің 2011 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалын қорытындылады. Семинарға жетекші республикалық ресми басылымдардың өкілдері қатысты. Білім беруші семинар журналистердің ақпараттық-талдамалы, кәсіби деңгейін арттыру мақсатында, қор нарығының жұмысы мен Халықтық IPO бағдарламасының іске асырылу барысын сапалы жариялауды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Жұмыс тобының құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың (министрліктер, агенттіктер), «Нұр Отан» ХДП, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енгізілді. Еуропа аймағында болып жатқан қаржы дағдарысы әлемдік экономиканың даму бағытын өзгертті. Енді кейбір экономист-сарапшылар Қытай мен Үндістан сияқты алып елдердің экономикалық әлеуеті әлсірейді деп болжап отыр. Бұл жағдайды болдырмау үшін бизнестің алдындағы әкімшілік тосқауылдарды азайтып, мемлекеттік басқару моделін барынша жаңарту қажет. Қазақстанда ондай қауіп жоқ. Бүгінде отандық бизнесті дамыту үшін жан-жақты жағдай жасалып, негізсіз кедергілердің бәрі жойылып келеді. Сол себепті еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін қайта қараудың қажеті шамалы. Алдағы бес жылда біздің үдемелі экономикалық даму үдерісіміз сақталады. Сондықтан Қазақстан әлемде болуы ықтимал дағдарыстың «екінші кезеңіне» толығымен дайын деген пікір бар. Бүгін Астанада Экономикалық даму және сауда министрлігі «ҚАЗКА» Қазақстан Кәсіпкерлер Ассоциациясымен бірігіп, «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» - 20 жұлдызды күн шеңберінде «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы: Тәуелсіздікке 20 жыл және жаңа міндеттер» атты экономикалық форум өткізуде. Ағымдағы жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол койды (бұдан басқа - Заң). Халықаралық көрмелер бюросының мерейтойлы 150-і Бас Ассамблеясында қазақстандық делегация EXPO-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесін өткізуге қабылдаушы мемлекет позициясына үміткер ретінде өз кандидатурасын қорғауда. |
Құрметті әріптестер!
Экономикалық даму және сауда министрлігінің сайтына қош келдіңіздер!
Сіздермен тығыз байланыс орнатуға және сауалдарыңызды қарастыруға әрқашан дайынбыз!
Біздің press-service@minplan.kz электронды жәшігмізге жазуларыңызға болады!
Құрметпен, баспасөз қызметі.
Біздің байланыстар:
Батырбаева Фарида Рашитовна – ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрдің баспасөз хатшысы
Ұялы т.: 8 701 999 0081
e-mail: farbat7@gmail.com
shak_70@mail.ru
Аханова Әйгерім Әбдрашидқызы
тел.: 74 38 52
Ұялы т.: 8 701 328 3898
e-mail: press-service@minplan.kz
konsuelo.85@mail.ru


















