Жаңалықтар
27.07.2010

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша экономиканың барлық салаларында дамудың оң серпіні байқалып отыр. Экономика өсімінің жоғары қарқыны бәрінен бұрын өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарылымының қайтадан қалыпына келуімен түсіндіріледі. Одан басқа, 2009 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда тұтыну тауарларына сұраныс едәуір өсті, металургия және химия өнеркәсібі, құрылыс саласы кәсіпорындарының дайын өнім шығарылымы қалпына келуі, сондай-ақ экспорт көлемінің өсуі көлік саласы үшін жақсы серпіліс болды.  

16.07.2010

Үстіміздегі жылдың 15-16 шілде күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде республикалық «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша қабылдаудың Бірыңғай күні» акциясы өтеді.

02.06.2010

Экономикалық дамыту және сауда министрлігінің www.minplan.kz және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ сайттарында «Бизестің жол картасы 2020» бағдарламасының баннері орналастырылған

28.05.2010

2010 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде депутаттардың пленарлық отырысы болып өтті. Онда Экономикалық даму және сауда министрлігі ұсынған «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары қаралды.  

27.05.2010

Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Швейцария, Лозанна) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы әлемнің ең бәсекеге қабілетті 58 елі салыстырылған «Әлемдік бәсекеге қабілеттілік – 2010» жылдық жинағының» нәтижелерін жария етті

Авторландыру


 
Логин:
Пароль:

Тіркеу
Парольды ұмыттыңыз ба?
 



Біздің сайттың қызметіне қандай баға берер едіңіз?






  

Кодекс жобасында әкімшілік жауапкершілікке тарту мен жазалаудың көптеген негіздері нақтыланған



Кодекс жобасында әкімшілік жауапкершілікке тарту мен жазалаудың көптеген негіздері нақтыланған

Кодекс жобасының қажеттілігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексін әзірлеуге және қабылдауға байланысты болып отыр. Осыған орай Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен іс жүргізу нормалары алынып тасталады да, жаңа редакциядағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қабылданады. Бүгін осындай мақсатты көздеген «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (жаңа редакция), «Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексі жобаларының Мәжілісте таныстырылымы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне іс жүргізу заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да таныстырылды.

Заңнамалық актілердің таныстырылымын Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырып отыр.

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев кіріспе сөзінде бұл құжаттардың маңыздылығын айтып өтті.

«Заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес, Әділет министрлігі Әкімшілік іс жүргізу кодексі және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі және ілеспелі заңының жобаларын әзірледі»,- деді заң жобасы жөнінде депутаттарға түсінік берген ҚР Әділет министрінің орыбасары Дулат Құсдәулетов.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа редакциясымен сілтеме нормаларды жою, нақты құқық бұзушылық құрамдарын көрсету, ең төменгi және барынша жоғары мөлшердегі айыппұл айырмашылықтарын елеулі төмендету, айыппұлдың белгіленген мөлшерлерін бекіту, жеке-құқықтық немесе азаматтық деликтерге белгіленген жауапкершілікті алып тастау мақсатын көзделіп отыр. Кодекс жобасында әкімшілік жауапкершілікке тарту мен жазалаудың көптеген негіздері нақтыланған.

Ал Әкімшілік іс жүргізу кодексінің жобасы бойынша нақты істердің шешуі бойынша әкімшілік іс жүргізу қатынастары уәкілетті субъектілерінің іс жүргізу қызметін, әкімшілік дауларды, мемлекеттік басқару аясында әкімшілік құқық бұзушылықты мемлекеттік органдардың заңсыз әрекетінен (әрекетсіздігінен) әкімшілік соттарда құқықтары мен бостандықтары және  заңмен қорғалған адам мен азаматтың мүдделері және заңмен қорғалған заңды тұлғаның мүдделерін қорғау тәртібі реттеледі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне іс жүргізу заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен лицензиялау туралы заңнамасын жетілдіру мәселесі бойынша «Кеден кодексі», «Лицензиялау туралы», «Байланыс туралы», «Нотариат туралы» және т.б заңдарға түзетулер енгізіледі.




Назад в раздел