Жаңалықтар
27.07.2010

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша экономиканың барлық салаларында дамудың оң серпіні байқалып отыр. Экономика өсімінің жоғары қарқыны бәрінен бұрын өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарылымының қайтадан қалыпына келуімен түсіндіріледі. Одан басқа, 2009 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда тұтыну тауарларына сұраныс едәуір өсті, металургия және химия өнеркәсібі, құрылыс саласы кәсіпорындарының дайын өнім шығарылымы қалпына келуі, сондай-ақ экспорт көлемінің өсуі көлік саласы үшін жақсы серпіліс болды.  

16.07.2010

Үстіміздегі жылдың 15-16 шілде күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде республикалық «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша қабылдаудың Бірыңғай күні» акциясы өтеді.

02.06.2010

Экономикалық дамыту және сауда министрлігінің www.minplan.kz және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ сайттарында «Бизестің жол картасы 2020» бағдарламасының баннері орналастырылған

28.05.2010

2010 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде депутаттардың пленарлық отырысы болып өтті. Онда Экономикалық даму және сауда министрлігі ұсынған «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары қаралды.  

27.05.2010

Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Швейцария, Лозанна) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы әлемнің ең бәсекеге қабілетті 58 елі салыстырылған «Әлемдік бәсекеге қабілеттілік – 2010» жылдық жинағының» нәтижелерін жария етті

Авторландыру


 
Логин:
Пароль:

Тіркеу
Парольды ұмыттыңыз ба?
 



Біздің сайттың қызметіне қандай баға берер едіңіз?






  

Республикалық бюджет комиссиясының алғашқы отырысы өтті



Республикалық бюджет комиссиясының алғашқы отырысы өтті

Министрліктер үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының алғашқы отырысы өтті.

Республикалық бюджет комиссиясының отырысында 2010 жылға арналған республикалық бюджеттің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері мен параметрлерінің болжамы нақтыланды, «2010-2012 жылдарға арналған Қазақстан Рспубликасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2009 жылғы бюджет қаражатының қалдығы есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы мөлшерін ұлғайту және пайдаланылған (толық пайдаланылмаған) сомалар, 2009 жылғы республикалық бюджетке бөлінген мақсатты трансферттер сомасының пайдаланылуы (толық пайдаланылмауы)» туралы қаулысы қаралып, мақұлданды.

Сондай-ақ комиссия шығындарды ұлғайтуды немесе  республикалық бюджетке түсімдерді қысқаруды көздейтін нормативтік құқықтық актілерге талдау нәтижелері бойынша материалдарды қарап мақұлдады және Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 500/220 кВ-тық Алма кіші стансысы құрылысын  Ұлттық электр жүйесіне қосу» жобасына 2010 жылы мемлекеттік кепілдік беру туралы мәселе қарады.


Назад в раздел