Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Алматы облысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б. Сұлтанов бастаған ақпараттық-насихаттық топ жұмыс жүргізуде
Министрмен кездесу үшін облыс әкімшілігіне өңірдегі департаменттер мен басқармалардың, күш-қаут құрылымдарының бірінші басшылары, , түрлі этномәдени орталықтардың жетекешілері шақырылды - ҚазАқпарат.
Бақыт Сұлтанов Қазақстанның өткен онжылдығынан бастап дағдарыстан кейінгі дамуына дейін жеткен негізгі жетістіктерін атап өтті.
Оның айтуынша, 2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы ЖІӨ-нің көлемі екі есеге өсті және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері тиімді орындалды. Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарды. Өмір сүру ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті.
Он жылда 652 мектеп және 463 денсаулық сақтау нысаны салынды. Он жыл ішінде 350 мың отбасы – бұл шамамен алғанда 1,2 миллион адам баспанаға қол жеткізді. 32 мың километр жол салынып, жөндеуден өткізілді, бұл Қазақстан жолдарының үштен бір бөлігі.
Сонымен қатар атқарылған игі істердін бірі ол «Жол картасы-2009» бағдарламасы. Ел өңірлерінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен спорт нысандары жөнделді. Тек Алматы облысы бойынша бұл шараларға 9,6 млрд.тг. жұмсалды.
Тиімді іске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. Жұмыссыздық деңгейі 6,3%-ті құрап, дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен көп төмендеді.
Назад в раздел


















