Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін субсидиялау бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде кепілдік беру жөніндегі келесімдерге ресми қол қою рәсімі өтті
Бүгін, 2010 жылғы 14 мамырда «RIXOS President Astana» қонақүйінде Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің, Қазақстанның барлық әкімдіктерінің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның, Қазақстанның қаржыгерлер ассоциациясы және екінші деңгейдегі банктердің арасындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін субсидиялау бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде кепілдік беру жөніндегі келесімдерге ресми қол қою рәсімі өтті.
Аталмыш келісімдерде жеке кәсіпкерлік субъектілер үшін мемлекеттік қолдау көрсету шараларының шарттары мен механизмдері бекітілген, сондай-ақ Бағдарламаларға қатысушылар арасындағы байланыс тәртіптері реттеледі. Осындай қарым-қатынастардың реттелуі бағдарламаның барлық қатысушыларына бірдей қарауға, сонымен қатар мемлекеттік қолдау көрсету кезінде қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен мөлдірлігін қамтамасыз етеді.
Анықтама үшін: «Бизнестің жол картасы 2020» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301қаулысымен бекітілген, жоғарыда аталған Келісімдер 2010 жылғы 11 мамырдағы Үкімет отырысында мақұлданған.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы елді индустриаландыруды және экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің үйлесімді өсімін жеделдетуге, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтауға және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды көздейді. Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары үшін агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіптік өнім шығару, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, кен өндіру өнеркәсібіндегі техникалық қызмет көрсету, металлургия, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы қызмет және өзге де халыққа қызмет көрсету түрлері экономиканың басым салалары болып отыр.
Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін кәсіпорындар бір уақытта барлық қолдау түрлеріне ие бола алады. Сонымен қатар, ең алдымен, шетелге тауар шығарушылар алған кредиттері бойынша және жаңа бағыттар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тәрізді маңызды көмек ала алады. 
2010 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 30 миллиард теңге қарастырылған. Қаражат келесі үш бағыт бойынша бөлінеді:
• жаңа бизнес бастамаларды қолдауға 12 млрд.теңге,
• осы жылы кәсіпкерлік секторды сауықтыруға 16 млрд.теңге бөлу жоспарланған;
• 2010 жылы экспортқа бағдарланған өндірісті қолдауға 2 млрд.теңге бөлінетін болады.
Назад в раздел


















