Бүгін Астана қаласында үш күндік 13 Халықаралық микроқаржы конференциясы өз жұмысын бастады
Бүгін Астана қаласында «Рамада Плаза» («Интерконтиненталь») қонақ үйінде үш күндік 13 Халықаралық микроқаржы конференциясы өз жұмысын бастады. Оған әлемнің 50 елінен 400-ден аса өкіл қатысуда. Қатысушылардың қатарында беделді халықаралық микроқаржы институттарының өкілдері және микроқаржыландыру саласының сарапшылар бар.
Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Құсайынов «Осы конференция еліміздегі микрокредиттеудің дамуына оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын», - деді.
ХМО Халықаралық микроқаржы ұйымдардың конференциясын өткізу Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 қазандағы Үкімет қаулысымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарында көзделген.
Конференцияның негізгі ұйымдастырушысы – Орталық және Шығыс Еуропа және Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттер үшін Микроқаржыландыру орталығы (ХМО).
Аталмыш шараның басты мақсаты – отандық қатысушылардың әлеуетті инвесторлармен кездесу мүмкіндігін ұйымдастыру, сонымен қатар, басқа елдердің мамандарымен тәжірибе алмасу. Мемлекеттің шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауының негізгі құралы ретінде микроқаржыландыруды дамыту бойынша жүргізіп отырған саясаты ескеріле отырып, осындай маңызды конференцияны Қазақстанда өткізу қаржылық қызмет көрсетудегі банктік емес сектордың дамуына қосқан зор үлес болып табылады.
Конференция инвесторлар мен микроқаржы ұйымдарының арасындағы диалогтық көпір десе де болады. Оның аясында Citigroup, Deutsche Bank және т.б. тәрізді ірі қаржы институттарының қатысуымен «инвесторлар жәрмеңкесі» өткізіледі. Әдетте, капиталдың сомалық көлемі бірнеше миллиард АҚШ долларымен есепетеледі.
Шараның күн тәртібінде сектордың жетекші сарапшыларының қатысуымен пленарлық сессиялар мен пікірталас дөңгелек үстелдерін; техникалық семинарлар; индустрияға қолдау көрсетуші инвесторлар мен ұйымдардың жәрмеңкелерін өткізу көзделген. Конференцияның қызықты сәттерінің бірі ретінде конференция өткізіп жатқан елдің микроқаржы секторының даму мәселелеріне арналып өткізілетін пленарлық отырыстардың, семинарлардың бірі - «Ел күні» болып табылады.
Анықтама үшін:
ХМО-ның штаб-пәтері Польшада орналасқан және ол өңірдің 110 микроқаржы институтын біріктіреді. Жыл сайын өз микрокредиттік қызмет көрсету нарығын дамытуға мүдделі елде ХМО-ның халықаралық конференциялары өткізіледі. ХМО-ның осындай конференциялары 2007 жылы Софияда (Болгария), 2008 жылы Ұлан Баторда (Моңғолия), 2009 жылы – Белградта (Сербия) өтті.
ХМО конференцияларының күн тәртібі ХМО мүшелері, сондай-ақ әзірше мүшелер қатарына кірмейтін ұйымдардың сұраныстарына негізделе отырып әзірленеді. Көбінесе микроқаржы секторын дамыту мәселелеріне, мәселен, кірісі төмен клиенттерді қорғау мәселесі, микроқаржы ұйымдары мен инвесторлардың проблемалары және олар үшін жаңа мүмкіндіктер, МКҰ қаржыландыру стратегиясы, жаңа өнімдер және т.б. мәселелеріне арналады. ХМО-ге қатысушаларға байланыстар орнатуға, ОШЕ және Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттер елдерінен келген микроқаржы көшбасшыларымен танысу үшін кең мүмкіндік берілген.
ХМО қызметіне USAID, CGAP, IBRD, SEEP Network, Citigroup Foundation, ICCO, ACCION, responsAbility, BlueOrchard, Pro-Cred, EU тәрізді және т.б. кеңінен танылған ұйымдар қолдау көрсетеді.
Назад в раздел


















