Баспасөз қызметі


Авторландыру


 
Логин:
Пароль:

Тіркеу
Парольды ұмыттыңыз ба?
 



Халықаралық менеджментті дамыту институты Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығының 2010 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы 33-орынға ие болды



 

Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Швейцария, Лозанна) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы әлемнің ең бәсекеге қабілетті 58 елі салыстырылған «Әлемдік бәсекеге қабілеттілік – 2010» жылдық жинағының» нәтижелерін жария етті. 

2010 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы  өзінің позицияларынөткен жылғы рейтинг нәтижелерімен салыстырғанда 3 көрсеткішке жақсартып, 33-орынға ие болды. 2009 жылдың рейтингісінде ел 36-орынға, ал 2008 жылы – 39-орынға ие болған. Ағымдағы жылдың рейтингісінде Қазақстан Испания (36-орын), Португалия (37-орын) және Түркия (48-орын) және басқа да елдерден озып кетті. ТМД елдерінің арасында Қазақстанмен бірге Ресей мен Украина да қатысқан, бұл ретте Қазақстан Ресейді 18 көрсеткішке (51-орын), ал Украинаны 24 көрсеткішке (57-орын) басып озды.  

IMD рейтингісі елдердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін салыстыру саласында ең беделді және танымал болып табылады. Әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің жылдық жинағы кешенді зерттеу нәтижесі болып табылады, онда 4 фактор бағаланады: 1 – экономикалық әрекет (экономикалық өсу, халықаралық сауда, сыртқы инвестициялар, жұмыспен қамтылу және бағалар), 2 – үкіметтің тиімділігі (мемлекеттік қаржы, фискалды саясат, институционалды орта, бизнес туралы заңнама, қоғамдық құрылыс), 3 –бизнестің тиімділігі (өнімділік пен тиімділік, еңбек нарығы, қаржы, менеджмент тәжірибесі, қатынастар мен құндылықтар), 4 – инфрақұрылым (базалық инфрақұрылым, технологиялық инфрақұрылым, ғылыми инфрақұрылым, денсаулық сақтау және қоршаған орта, білім беру). Жылдық жинақта 327 көрсеткіш жинақталған, оның 2/3 статистикалық мәліметтерге, ал 1/3 сауалнама мәліметтеріне негізделген. 

«Экономикалық әрекет» факторы бойынша Қазақстан позицияларн бір көрсеткішке жақсартып, 44-орыннан 43-орынға жоғарылады. Осы фактордың өсуі «Шетелде тікелей инвестициялардың жиналуы» (2,16-дан 5,84 млрд. АҚШ долларына дейін), «Тұтыну бағаларының индексі» (17,0-ден 7,3%-ға дейін), «Тікелей сыртқы инвестицияларды жинау» (44,6-дан 58,28 млрд. АҚШ долларына дейін) және басқа да көрсеткіштердің жақсаруымен байланысты. 

«Үкіметтің тиімділігі» факторы бойынша ел 1 позицияға 21-орыннан 20-орынға жоғарылады. Ол еңбек нарығынын әлдеқайда икемді болуымен байланысты, жұмыспен қамтамасыз етушілердің әлеуметтік салымдар ставкасы 10,86-дан 5,90%-ға дейін төмендеді. Сауалнама мәліметтері бойынша өткен жылға қатысты бюрократия іскери белсенділікке қатты кедергі келтірмейді (40-орыннан 26-орынға төмендеді), парақорлық пен жемқорлық азайды (38-орыннан 33-орынға дейін). 

«Бизнестің тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан позицияларының едәуір жақсаруы байқалады. Егер өткен жылдың рейтингісінде ел позицияларының 3 көрсеткішке төмендеуі байқалса (31-орыннан 34-орынға дейін), 2010 жылы Қазақстан рейтингте 5 көрсеткішке көтеріліп, 29-орынға ие болды. Фактордың оң өзгерісіне «Өндірістік сектордағы еңбек бірлігінің құны, % өзгеруі» (15-орыннан 3-орынға), «Банк секторының активтері» (ЖІӨ-нен 58,92-ден 75,60%-ға дейін), «Қор нарығының индексі, % ұлттық валютада өзгеру» (45-орыннан 4-орынға дейін) және басқа да көрсеткіштердің жақсаруы әсер етті. 

«Инфрақұрылым» факторы бойынша Қазақстан өткен жылғы 44-орынға қарсы 39-орынға ие болды. Елде Интернетті пайдаланушылар санының өсуі (1000 тұрғынға 127-ден 153 адамға дейін), қолданыстағы патенттер санының артуы (100 мың тұрғынға 33,2-ден 43,7-ге дейін) байқалады. Сондай-ақ, «Денсаулық сақтау мен қоршаған орта» және «Білім беру» қосымша факторларының бір қатар көрсеткіштері бойынша жақсару байқалады. 

2030 жылға дейінгі дамудың қабылданған бас бағытының шеңберінде елдің ұзақмерзімді стратегиялық жоспарлауын жалғастыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары қабылданды. Қазақстан Республикасының 2010 жылы елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарына келесілер жатады: 

1.      Бизнес-ортаны жақсарту, қаржы секторын нығайту, сенімді құқықтық ортаны қалыптастыру арқылы дағдарыстан кейінгі дамуға дайындалу. 

2.      Отын-энергетикалық кешенді, металлургия, химия және құрылыс өнеркәсібін, ауылшаруашылығы өнімін қайта өңдеу, көлік пен телекоммуникацияны дамыту арқылы экономиканы жедел әртараптандыру. 

3.      Білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін жетілдіруге инвестициялар жасау, еңбек ресурстарын тиімді басқару. 

4.      Әлеуметтік қорғаудың жетілдірілген жүйесін құру және елдің тұрғын үй-коммуналдық кешенін жеделдетілген жетілдіру. 

5.      Ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету. 

 

            Рейтингтің нәтижелерімен Экономикалық даму және сауда министрлігінің ресми сайтында нақтырақ танысуға болады. 



Назад в раздел