Баспасөз қызметі


Авторландыру


 
Логин:
Пароль:

Тіркеу
Парольды ұмыттыңыз ба?
 



ҚР ЭБЖМ 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Үкімет қаулысына өзгертулер енгізілді



ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің стратегиялық жоспары туралы» қаулысына өзгертулер енгізілді.

 ҚазАқпарат құжат мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2010 жылғы тамыздың 10-ы. № 813

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы желтоқсанның 31-індегі №2335 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2009 жылғы желтоқсанның 31-індегі «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» № 2335 қаулысына (Қазақстан Республикасы ҮҚАЖ, 2010, №5, 72 бап)  мынадай өзгертулер енгізілсін:

Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің стратегиялық жоспары туралы;

1 тармақта «экономика және бюджеттік жоспарлау» деген сөздер «экономикалық даму және сауда» деген сөздермен ауыстырылсын;

Аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010-2014 жылдарға  арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымша беріліп отырған жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов



Назад в раздел