Ақтөбе қаласында өңірлік кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша
2010 жылғы 26 тамызда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Е. Орынбаевтың және облыстық әкімдіктер өкілдерінің, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен өңірлік деңгейде әкімшілік кедергіні қысқарту және «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізілді.
Кеңесте Экономикалық даму және сауда Вице-министрі Марат Құсайынов «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасын іске асыру бойынша және Әкімшілік кедергілерді қысқарту бойынша баяндама жасады.
Өз баяндамасында Вице-министр М. Құсайынов осы жылдың сәуір айынан бастап іске асырыла бастаған «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының бағыттарына тоқталып өтті.
Бірінші: Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
Екінші: Кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
Үшінші: Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.
Бағдарламаның үш бағыты бойынша Екінші деңгейдегі банктердің қарауына жалпы соммасы 231,4 млрд. теңге мөлшеріндегі барлығы 481 өтінімдер келіп түсті.
Бағдарламаның бірінші бағыты
Екінші деңгейдегі банктердің қарауына жалпы сомасы 27,7 млрд. теңгені құрайтын 108 өтінім келіп түсті.
Жалпы соммасы 5,1 млрд. тенгені құрайтын 30 өтінімдер Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауында ұсынылды.
Өңірлік үйлестіру кеңестері кредиттердің жалпы құны 4,9 млрд. теңгені құрайтын 28 өтінім мақұлдады.
Бағдарламаның екінші бағыты
Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жанындағы құрылған Жұмыс тобы екі отырыс өткізді, онда 19 жоба қарастырылды. Олардың ішінде жалпы сомасы 17 млрд. теңгені құрайтын 13 жобалар мақұлданды, ЭҚЖК классификаторы бойынша экономиканың басым секторларына кредиттің нысаналы мақсаты анықталғанға дейін 4 жобаны қарастыру кейінге қалдырылды. 2 жоба бойынша Бағдарламада айқындалған басым секторларымен сәйкес келмеуіне байланысты, қолдау көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданды.
Мақұлданған жобалар мынадай 10 өңірлерде: 1000-нан асатын жұмыс орны сақталатын және 700-ден астам жұмыс орындары құрылатын, Шығыс-Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік-Қазақстан, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай облыстарында және Астана қаласында іске асырылады.
Олардың ішінде мынадай ірі жобаларды атап өтуге болады, олар кредит сомасы 7,7 млрд. теңгені құрайтын құю және илектеу цехтер құрылысы бойынша «Ақтау құю зауыты» ЖШС-і және жоба бойынша кредит сомасы 2,2 млрд. теңгені құрайтын қызанақтарды өсірумен, олардың дәндерін және көшеттерін өсірумен айналысатын «Шығыс-Қазақстан жылыжай кешені» ЖШС-і.
Ақтөбе облысында екінші бағыт бойынша жалпы соммасы 134,8 млн. теңгені құрайтын теміржол жылжымалы составты жөндейтін «ТехЛокСервис» ЖШС жобасы мақұлданды.
Бағдарламаның үшінші бағыты:
Екінші деңгейдегі банктерге жалпы сомасы 34,7 млрд. теңгені құрайтын 25 өтінім келіп түсті.
Жалпы сомасы 16,1 млрд. теңгені құрайтын 14 өтінім Өңірлік үйлестіру кеңестерінің қарауында.
Өңірлік үйлестіру кеңестері субсидиялауға жалпы кредит сомасы 19,24 млрд. теңгені құрайтын 14 өтінім мақұлдады, оның ішінде, Алматы облысында «Даму» КДҚ» АҚ, ЕДБ және «Қайнар АКБ» ЖШС отандық аккумуляторларды экспорттау және өндіру бойынша жобаның өтінім берушісі арасында жалпы соммасы 1,3 млрд. теңгені құрайтын пайыздық ставканы субсидиялау Шарты жасалды.
Барлық үш бағыт бойынша субсидиялауға кредиттің жалпы құны 41,14 млрд. теңгені құрайтын 55 өтінім мақұлданды.
Осымен бірге, М. Құсайынов елдегі әкімшілік кедергілерді қысқарту, бизнес-ахуалды жақсарту бойынша Үкіметтің бірнеше бағыттарда:
- Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту;
- бақылау-қадағалау жүйесінің реформасы;
- рұқсат беру жүйесін оңтайландыру бойынша жұмысына тоқталып өтті.
Назад в раздел


















