Баспасөз қызметі
ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. Бүгінде, әсіресе нарық жағдайында саудасыз өмірді көзге елестету қиын. Олай болса, осы саланың хал-ахуалы қандай? Осы және өзге де сауалдарға Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар ҚАЗЫБАЕВ жауап береді. Еуропа аймағында болып жатқан қаржы дағдарысы әлемдік экономиканың даму бағытын өзгертті. Енді кейбір экономист-сарапшылар Қытай мен Үндістан сияқты алып елдердің экономикалық әлеуеті әлсірейді деп болжап отыр. Бұл жағдайды болдырмау үшін бизнестің алдындағы әкімшілік тосқауылдарды азайтып, мемлекеттік басқару моделін барынша жаңарту қажет. Қазақстанда ондай қауіп жоқ. Бүгінде отандық бизнесті дамыту үшін жан-жақты жағдай жасалып, негізсіз кедергілердің бәрі жойылып келеді. Сол себепті еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін қайта қараудың қажеті шамалы. Алдағы бес жылда біздің үдемелі экономикалық даму үдерісіміз сақталады. Сондықтан Қазақстан әлемде болуы ықтимал дағдарыстың «екінші кезеңіне» толығымен дайын деген пікір бар. Мемлекеттiң халыққа қосымша пайда табу үшiн берiп отырған мүмкiндiгiн адамдар әлi түсiнбей отыр. Оған себеп көп. «Аузы күйген үрiп iшедiнiң» керiн келтiретiн ағайын ақшамызды желге шашып аламыз ба деп тайсақтайды. Әрi заты да, аты да таңсық IРО көпшiлiктiң сенiмiне әзiр кiре алмай отыр. Қазақстандық қор нарығының тиiстi деңгейде дамымауы тағы бар. Астанадағы журналистердiң семинарында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқару директоры Питер Хауз мырзамен сұхбаттасып, аталған бағдарламаға қатысты көкейдегi сауалдарымызға жауап алған едiк. Қор нарығы – халықтың қаражат қорын көбейтуге мүмкiндiк беретiн тетiк. Осы орайда, Қазақ үкiметi арнайы бағдарлама әзiрлеп, ел арасында кеңiнен насихаттауды қолға алды. Бұл елдiң ұлттық компанияларымызға инвестиция салуға деген сенiмiн нығайтатыны белгiлi. Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан 3 елдің қатарына енді. Тізімнің басында Қытай тұрса, одан кейін Қатар, үшінші орын Қазақстанға бұйырды. Еліміз экономикалық өрлеудің тұрақты кезеңіне көшті. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың айтуынша, биылғы өсім 7 пайыз шамасында болады. Кеше Астанадағы «Рэдисон САС» қонақ үйінде Қазақстан Даму банкінің (ҚДБ) құрылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Экономиканы жаңғырту мақсатында инвестицияларды ынталандыру: жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық конференция болып өтті. Халықаралық конференция жұмысын Қазақстан Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов ашып, кіріспе сөз сөйледі. Қазақстан алда болуы ықтимал жаһандық дағдарысқа өзі әзірленіп қана қоймай, айналасындағы көршілерін де дайындауда. 19 қазанда, Кеден одағының Жоғарғы органының жиынында, Қазақстан Көшбасшысының тапсырмасымен, Премьер-министр К.Мәсімов өз әріптестеріне БЭК ішінен әлемдік экономикадағы қауіп-қатерлерге қарсы тұру жөніндегі арнайы комиссия құруды ұсынған болатын. Ал кеше Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен Сенат отырысына келген Үкімет жетекшісі дағдарысқа қарсы сол комиссияның құрылғандығын жария етті. «Сіздерді құлақтандырғым келеді, - деді сенаторларға қайырылған Премьер, - осы Комиссия құрылды, осы дүйсенбіде бірінші отырысын өткізді». Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен палатаның кешегі кезекті пленарлық отырысының күн тәртібінде алты мәселе депутаттар талқысына ұсынылды. Соның ішінде 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы ерекше қызығушылық туғызды. Кәрi құрлықтың қақ жүрегiнде, яғни британдықтардың астанасы – Лондонда қазақ билiгi Қазақстанды танытуға, насихаттауға, инвестициялық ахуалының шетелдiк қалталылар үшiн тиiмдi екендiгiн түсiндiруге күш салды. Қазақстан Үкiметiнiң мүшелерi дiттеген мақсаттарына қол жеткiздi. Өйткенi «Қазақстандық бизнес форум 2011» жиынына қатысқан халықаралық сарапшылар Қазақ билiгiне экономикалық тұрғыда пайдалы кеңестер берумен қатар Қазақстанды әлемге насихаттауда айтарлықтай үлес қосты. Турасын айтсақ, Еуропалық одақ қазір кезекті бір қаржы-экономикалық дағдарыстың алдында тұрғандай күйде. Елдің бәрі кезіккен түйін қалай шешілетінін, қандай саяси шешім қабылданатынын тағатсыздана күтуде. Еуропалық одақ сөз бен істе бірдей мызғымайтын ынтымақ таныта ала ма, жоқ па? Осы сұрақтың жауабы қалай шешілсе, дәл сол сәттен бастап жаһандық экономиканың әрі қарайғы беталысы да қандай болатыны айқындалмақ. Өйткені 27 елдің басын біріктірген Еуропалық одақ әлемдік экономиканың да көшін бастап тұр. Сондықтан ондағы қылаудай өзгеріс бүкіл жаһанға және бірінші кезекте әлемдік экономикаға барынша ықпалдасып жатқан біздің елге де белгілі бір деңгейде әсерін тигізетіні анық. Олай болса, Қазақстанға да ертерек қам жасап, жағдайды талдау, экономикаға қан жүгіртетін инвесторлардың тамырын басу қажет-ақ. Бізден барған делегация еліміздің шикізаттық экспорттан индустриалық-инновациялық дамуға көшу бағытында болашақта атқарылатын мәселелерді жіліктеп берді. Сондай-ақ, екі ел арасындағы өсім мен инфляциядағы балансты сақтау, капитал нарығы мен қаржыландырудың басқа да көздеріне қол жеткізу секілді ой-тұжырымдарды талқылады. Қазақстан экономикасы алдағы бес жылда шикізаттық бағыттан инновациялық бағытқа көшеді деп санайды халықаралық сарапшылар. Таяуда Лондонда жетекші саясаткерлер, инвесторлар, топ-менеджерлер мен бизнес-қауымдастықтар өкілдері қатысқан Қазақстан-Британия іскерлік форумы ашылды. Инвестиция мәселелері бойынша экономикалық ынтымақтастықтың мейлінше перспективалы бағыттарын талқылауды ынталандыру және нақты бизнес-жобаларды ілгерілету. Қазанның 20-21-і күндері сонау «Тұманды альбион» төрінде, Лондонның қақ ортасында ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің қолдауымен Қазақ-Британ сауда-өнеркәсіп палатасы мұрындық болған бизнес форумның көздеген басты мақсатын бір сөзбен жеткізсек – осы. Қазақстанның экономикалық тұрғыда өсiп-өнуiне кәрi құрлық та мүдделi. Сондықтан да Еуропаның қақ төрiнде өткiзiлген бизнес форумға экономистер, қаржыгерлер, бизнесмендер мен қоғам қайраткерлерi, бұқаралық ақпарат құралдарының өiлдерi Жер шарының түкпiр-түкпiрiнен жиналды. ЛОНДОН. 21 қазан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгінде өте жіті ұқыптылықты қажет ететін экономика саласы тұрғысында әлем елдерінде түрлі ой-тұжырымдар талқыға салынуда. Себебі, жақында ғана өткерген қаржы дағдарысынан кейін, дағдарыстың жаңа толқыны әр елдің босағасында тағы бір мәрте ізін қалдырады деген жорамалдар ел аралап кеткен секілді. ЛОНДОН. 20 қазан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан дағдарыстың жаңа толқынын жеңіл еңсере алады. Бұл туралы бүгін Лондонда өтіп жатқан Қазақстандық бизнес-форумда Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия бойынша бас экономисі Нинке Умс мәлім етті. ЛОНДОН. Қазан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан - Шығыс пен Батыс арасында экономикалық байланыстардың көпірі. Бұл туралы бүгін Лондонда өтіп жатқан Қазақстандық бизнес-форумға арнаған бейнеқұттықтау сөзінде ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті. 20.10.2011 / 07:35 Лондонда Қазақстанның экономикалық әлеуетіне негізделген бизнес-форум басталады - ЛОНДОН. 20 қазан. ҚазАқпарат Қазақстан экономикасының даму деңгейі қанағаттандырарлықтай. Осы аптада өткен Үкімет отырысында әңгіме болған 2011 жылдың макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын нақтылау мәселесіне қарап, осылай деп тұжырым түюге болады. Аталған отырыста отандық экономиканың ағымдағы жағдайы қарқынды екендігі, дамудың бұл қарқыны жыл басында белгіленген болжамды көрсеткіштерден де басым түскендігі нақты цифрлар арқылы қуатталды. Мәселен, отырыста баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетовтің айтуынша, 2011 жылы экономиканың өсу деңгейі кем дегенде 7 пайыздық көрсеткішті құрайтын болады. Бұл ақпандағы болжамнан 2 пайызға артық. Жақында Үкімет қарауына ҚР экономикалық даму және сауда министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қоры тарапынан «Халықтық IPO» бағдарламасының жобасы ұсынылған-ды. Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында 2011 жылға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы нақтыланды. Осы мәселе бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетовтің айтуына қарағанда, көрсеткіштер болжамын нақтылауға ішкі жалпы өнім бойынша болжанған базаның ұлғаюы, экономика салаларының жыл басына қарағандағы қарқынды дамуы әрі 2010 жылмен салыстырғанда әлемдік тауар рыноктарындағы энергия ресурстарына, ауылшаруашылық өнімдеріне және металға деген сұраныстардың артып, олардың бағасының көтерілуі әсер еткен. Мәселен, үстіміздегі жылдың қаңтар-шілде айларындағы әлемдік рыноктағы мұнайдың орташа бағасы 1 барреліне 111,78 АҚШ долларын құрады. 2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасы Мемлекет басшысының жолдауларында қойылған міндеттер негізінде қалыптастырылған. Парламент Мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің назарына 2012-2014 жылдарға арналған бюджеттің жобасы ұсынылды. |
Құрметті әріптестер!
Экономикалық даму және сауда министрлігінің сайтына қош келдіңіздер!
Сіздермен тығыз байланыс орнатуға және сауалдарыңызды қарастыруға әрқашан дайынбыз!
Біздің press-service@minplan.kz электронды жәшігмізге жазуларыңызға болады!
Құрметпен, баспасөз қызметі.
Біздің байланыстар:
Батырбаева Фарида Рашитовна – ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрдің баспасөз хатшысы
Ұялы т.: 8 701 999 0081
e-mail: farbat7@gmail.com
shak_70@mail.ru
Аханова Әйгерім Әбдрашидқызы
тел.: 74 38 52
Ұялы т.: 8 701 328 3898
e-mail: press-service@minplan.kz
konsuelo.85@mail.ru


















